
Нұрекенова Нұргүл Жаксылыққызы
Лауазымы, жұмысы, қызмет орны: Оңтүстік қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі, директор
Туған жылы мен туған жері: 28.05.1975ж. Талдықорған облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары, Педагогика ғылымдарының магистрі
Мекен жайы: Шымкент қаласы,Молдағұлова № 46
Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған: ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаментінің құрмет грамоталары, Түркістан облысының әкімдігінің алғыс хаттары.
Нұрекенова Нұргүл Жақсылыққызы 1975 жылы Талдықорған облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында туылған. Тұрмыста. 1982-1992 жылдар аралығында Алакөл ауданы Қарабұлақ орта мектебінде білім алған. 1993 жылы Шымкент қаласындағы Кооперативтік техникумына түсіп, «Бухгалтерлік есеп және талап қоюшы» мамандығы бойынша 1995 жылы аяқтаған.Білімі жоғары, Қайнар университеті «Ақпараттық жүйелер» мамандығының түлегі, жоғары санатты ұстаз.
Нұргүл Жақсылыққызы еңбек жолын 1993-1998 жылдар аралығында «Асыл тас» кооперативінде бухгалтер қызметінен бастаған.
1999– 2002 жылдар аралығында №4 кәсіптік техникалық мектепте тәлімгер қызметін атқарған. Ал 2002 жылдың шілде айынан бастап Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық – экономикалық колледжінде ЭЕМ кабинетінің меңгерушісі, сол оқу орнында 2005 – 2007 жылдар аралығында оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
Жаңашыл, шығармашыл ұстаз ретінде Нұрекенова Нұргүл «Оқу мен жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» курстарында өз білімін жетілдіріп, әрбір сабағын мазмұнды, жаңа технологияларды пайдалана отырып өткізе білді. Информатика пәнінің алдыңғы қатарлы оқытушысы ретінде компьютерге ағылшын тілі пәні бойынша тестік бағдарлама енгізді. Нұргүл Жақсылыққызы жастарға саналы тәрбие мен сапалы білім беру ісінде аянбай еңбек етті. Топ жетекшісі ретінде «Ең үздік топ», «Бәріненде сен сұлу» байқауларында жүлделі орындарды иеленді. Колледжде ұйымдастырылған «Үздік колледж оқытушысы» байқауында «Бас жүлдеге» ие болды. Кәсіби біліктілігін шыңдау мен семинар, конференцияларға қатысты. Жауапкершілігі мол маман ретінде Нұргүл Жақсылыққызы 2006 жылы колледждің жоспарлы мемлекеттік аттестациядан жақсы көрсеткіштермен өтуіне қосқан үлесі үшін ерекше бағаланып, марапатталды.
Қандай іске араласса да өзінің іскерлік қабілетімен ерекшеленіп, қарапайым оқытушыдан 2007 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне дейін көтеріліп 2010 жылға дейін осы қызметті абыроймен атқарды.
2010 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы АҚ ОҚО ПҚБАИ филиалында қызмет атқарды.
Білікті, ізденімпаз, жаңашыл маман ретінде танылған Нұргүл Жақсылыққызы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандартын орындау барысында тексеру жұмыстарын жүргізу комиссиясының белсенді мүшесі болды.
2011 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің директоры болып жұмыс істеп келеді.
2016 жылы Шымкент Университетінің 6М010300-«Педагогика және психология» мамандығы бойынша Педагогика ғылымдарының магистрін бітірді.
2013 жылы ақпан айында Облыстық жастар саясат мәселелері басқармасымен біріге отырып колледждер арасында Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде «Дуалдық білім беру жүйесі. Болашаққа айқын жол» атты тақырыбында семинар өткізіп, оған колледж директоры Н.Ж.Нұрекенова басшылық жасады.
2013 жылы Турция елінде «Туризм в рамках проекта «Тренинг для преподавателей технического и профессионального оброзования», организованного турецким Агенством по сотрудничеству и координированию при правительстве Республики Турция (TIKA)совместно с Министерством Национального оброзования Республики Турция.
2013 жылы Алматы қаласында «Роль негосударственного оброзования в развитии экономики» тақырыбында Х халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН МАРАПАТТАУЛАРЫ
Тәуелсіз еліміздің студент жастарын тәрбиелеуде қосқан үлесі мен қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық Білім департаментінің және колледждің мақтау грамоталарымен марапатталған.
2011 жылы Сайрам ауданы әкімі У.Қайназаровтың және 2013 жылы Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы С.Темірбаевтың алғыс хаты;
2013 жылы Білім берудің жаңа бағыттарын айқындау, жаңа заманауи білімді жаңғырту және Тәуелсіз еліміздің шарықтау шағында Отанымыздың болашағы үшін бәсекеге қабілетті студент жастарын тәрбиелеуге қосқан үлесі мен қоғамдық өмірдегі белсенді қызметі үшін басқарма басшысы А.Елшиеваның алғыс хаты;
2013 жылы «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»-дегендей мұғалімдер күнімен Ақсукент ауылдық округі әкімінің м.у.а Е.Тулебаевтың алғыс хаты;
2014 жылы Жаңа заманауи білімді жаңғырту және Отанымыздың болашағы үшін бәсекеге қабілетті студент жастарын тәрбиелеуге қосқан үлесі мен қоғамдық өмірдегі белсенді қызметі үшін басқарма басшысы А.Б.Елшиеваның мақтау қағазы;
2015 жылы «Техникалық және кәсіптік білімнен кейінгі білімді жаңғырту» департаментінің директоры С. Мадиевтің алғыс хаты;
2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқарма басшысы А.Елшиеваның алғыс хаты;
2015 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповтың құрмет грамотасы;
2015 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Техникалық және кәсіптік білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаментінің директоры С.Мадеевтің құрмет грамотасы;
2015 жылы Жас ұрпақты тәрбиелеудегі тәрбиелі тағылымыңыз үшін №89 жалпы орта мектеп директоры Қ.Ө.Атабаевтың алғыс хаты;
2016 жылы «Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні» мерекесіне орай мемлекеттік тіл бағдарламасын іске асыру мен насихаттауға қосқан үлесі үшін Сайрам аудандық мәслихатының хатшысы Ж.Сүлейменовтың грамотасы;
2017 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ОІ және ІТ проректоры Қ.С. Байболовтың алғыс хаты;
2017 жылы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» мақаласы аясында жастардың еңбегі мен қоғамдық жұмыстарға белсендігін бағалау бағытындағы «Жалпыға ортақ еңбек –бәрін жеңбек» атты жастар форумында «Үздік жастар ұйымы» тақырыбындағы аудан әкімі Б.С Мамаевтың алғыс хаты;
2018 жылы Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың құттықтау хаты;
2018 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің құрмет грамотасы;

2015 жылы «Лидер отрасли -2015» По результатом ранжирования, которое основано на статических данных об уплате налогов и обязательных платежей в бюджет по состоянию на декабрь 2014 года, предприятие заняло Золото рейтинга среди малых предприятий РК ОКЭД 85.32.2. согласно критерию «Суммарная номинация». Аталған номинация бойынша басқарып отырған оқу орны Ұлттық бизнес- рейтингтер одағының «Сала көшбасшысы» ұлттық сертификатымен марапатталды.

2013 жылы Турция елінде «Туризм в рамках проекта «Тренинг для преподавателей технического и профессионального оброзования», организованного турецким Агенством по сотрудничеству и координированию при правительстве Республики Турция (TIKA)совместно с Министерством Национального оброзования Республики Турция.

Техникалық және кәсіптік білім мекемелері студенттері арасындағы пәндік олимпиаданың қорытындысында білім сапасы бойынша үздік көрсеткішімен биіктен танылған колледж басқарма басшысы А.Елшиеваның алғыс хатымен марапатталды.

2014 жыл қорытындысы бойынша салық төлеуде Қазақстан Республикасы кіші, орта бизнес Алтын Рейтингісінен «Сала көшбасшысы» номинациясы ұлттық сертификатының ІІ орын иегері атанды.
2019 жылы Сайрам ауданының әкімі Б.Мамаевтың алғыс хатымен марапатталды;
2019 жылы «Worldskills Тurkistan-2019» облыстық чемпионатында алты құзыреттілік бойынша студенттеріміз қатысып соның ішінде: «Сандық бағдарламаларды басқаратын токарлық станоктар», «Ауылшаруашылығы машиналары мен тракторларды жөндеуші-слесарь», «Кондитер» және «Наубайшы» құзыреттілігі бойынша. Екі І-ші орын және Екі ІІ-ші орындарды иеленді;
2020 жылы «Worldskills -2020» облыстық чемпионатында он құзыреттілік бойынша студенттеріміз қатысып соның ішінде «Кондитер ісі», «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша екі I-ші орындарды иеленді. Жеңімпаз иелері: «Кондитер ісі» бойынша Рахманкулова Мерей, «Наубайшы ісі» бойынша Мазманова Венера. Бұл дегеніміз колледжіміздің үлкен жетістігі;
2021 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін Елбасы Н.Ә Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды.


Әлеуметтік серіктестік қызметі саласында техникалық және кәсіптік білім беру негізінде оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тәжірибе алмасуы және ынтымақтастығы туралы, сондай-ақ студенттер арасында тәжірибеден өтудің өзара алмасуы бойынша екі ел арасындағы байланыстарды орнату және нығайту шеңберінде, Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі" Түркия елінде Стамбул қаласында орналасқан «Ozel Pila Nesteki ve Teknik anadolu Lissesi» мен «Gizgi Kolledji»мен халықаралық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту саласындағы ынтымақтастықтың өзара тиімді мүдделерін ескере отырып меморандумға отырды.
Бүгінгі таңда, жас ұрпақты жетілген, толыққанды азамат етіп тәрбиелеуге, ең алдымен, құқықтық сауаттылық қажет екенін ескерген басшы, студенттер арасында құқық бұзушылықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу мақсатында арнайы орган қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастыру ісін дәстүрлі түрде жалғастырып келеді. Сондай-ақ, білімгерлердің бос уақытын тиімді пайдалану үшін колледж құрылтайшысының қолдауымен екінші спорт зал ашылып, қолданысқа тапсырылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басшылығының «Sanaly urpaq» жобасы аясында мекеменің қызмет аумағын кеңейту және деңгейін көтеру негізінде жаңа үлгідегі техникалармен жабдықталған «Sanaly urpaq» кеңсесі, «Еgov» электронды қызмет көрсету орталығы, «Адал дүкен» бұрышы өз жұмысын бастады.
Қайырымды, парасатты жан ретінде Нұрекенова Нұргүл колледжішілік әрбір іс-шараның өткізілуіне жанашыр, қабілетті ұйымдастырушы ғана емес, сондай-ақ колледж қызметкерлерінің жеке отбасындағы қуанышы мен қайғысына да ортақтаса біледі.
Нұрекенова Нұргүл Жақсылыққызы еңбекқор, рухани дүниесі бай, ұйымдастыру қабілеті жоғары, талапшыл және жауапкершілігі мол шығармашыл тұлға ретінде оқытушылар мен студенттер және олардың ата-аналары арасында үлкен беделге ие.