07161300 - «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

"Ақсу-Центр" ТҚКК - де кәсіби тәжірибе кезінде техникалық қызмет көрсету станциясында студенттер қозғалтқыш, трансмиссия, салқындату жүйелерінің сұйықтықтарын ауыстыру, дәнекерлеу, шиномонтаждау, сонымен қатар қосалқы бөлшектерді ауыстыру жұмысытарын орындады.

"ЖАН" ТҚКК -де колледж студенттері жеңіл автокөліктерге ағымдағы және күрделі қызмет көрсету түрлерін орындайды, атап айтсақ, автокөліктердің жүріс бөліктеріне, трансмиссия бөліктеріне, салқындату жүйелеріне, шанақ бөліктерінің ауыстырылатын механизмдерін жөндеу және токарлық, дәнекерлеу жұмыстарын орындайды.

301_3647
301_3777
301_3635

"Автобус-Сервис" ЖШС колледж студенттеріне автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің барлық түрлерін орындайды. Атап айтсақ, агрегаттық, слесарлық-механикалық, электротехникалық, аккумуляторлық, отын аппаратураларын, шиномонтаждау, ұсталық-рессорлық, жуу және майлау, аккумуляторлық жұмыстар, шанақ және сырлау жұмыстарын, сонымен қатар қозғалтқыштарды сынақтан өткізу жұмыстарын орындайды.

басты беті
photo_2021-06-15_14-17-49
photo_2021-06-15_14-18-03

06130100 - «Бағдарламалық қамтамасыз ету»

"Бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы студенттері кәсіби практиканы "Сайрам аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы", "Мустапаева" ЖК, "Алтын ғасыр" ЖК, "DAMU жарнама агенттігі" және т.б мекемелерінде өтеді. Кәсіби практиканы өту барысында операциялық жүйелерді орнату, бағдарламалық қамтамасыздандыруды жобалау, веб-технологияларымен жұмыс және желілік технологияларды меңгеріп жүзеге асырады.

IBR_1156
1
301_5139
2

07161600 - «Ауылшаруашылығын механикаландыру»

Ауылшаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша оқитын студенттер "Манкент-1" ӨК-де техникалар мен машиналарды диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану жұмыстарын меңгереді. МТ3-80, К-701, Т-150К, Джон Дир және тағы басқа доңғалақты тракторлардың құрылысын, пайдалану көрсеткіштерін диагностикалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу технологиясын меңгереді.

301_4553
301_5024
301_5054

07150500 - «Дәнекерлеу ісі» - мамандығының кәсіптік іс-тәжірибесі

Студенттер "Арт Сапалы құрылыс" ЖШС-де кәсіби практикада жылу қазандықтарын жасау технологиялық процестеріне қатысып өз үлестерін қосуда. Қазіргі таңда 2 бітіруші түлек және 3 оқушы дуалды оқыту бағдарламасымен тұрақты жұмысқа орналасты.

[004461]
photo_2021-06-15_12-11-36
[004486]

07210300 - «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі»

"Ладушки" ЖШС дуалды оқыту бағдарламасы бойынша "Нан пісіру, макарон және кондитер өндрісі" мамандығы оқушыларымен тығыз байланысты кәсіби практика өткізеді. "Ладушки" ЖШС бас технологы Н.К.Махиянова кондитерлік өндіріс технологиялық процесімен таныстыруда. Колледждің 5 бітіруші түлегі "Ладушки" ЖШС-ның кондитерлік цехында еңбек жолын бастады.

"Мадлен" ЖШС кондитерлік цехының басшысы Юлдашева Розай студенттерге кәсіби практика өткізу барысында тортты жинау цехының технологиялық процестерімен таныстыруда. "Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі" мамандығының бітіруші түлегі Алиев Иса осы мекемеге тұрақты жұмысқа орналасып, торт жинау процесін көрсетуде. Аталған мекемеде 4 бітіруші түлек жұмысқа орналасып айлық жалақысын алып жүр.

"Фиркан" ЖШС өндіріс орны колледжіміздің дуалдық оқыту бағдарламасы бойынша кәсіби практика өткізетін нан пісіру, бөлке, кондитер өнімдерін дайындайтын әлеуметтік серіктестіктің бірі. Колледждің өндіріс шебері болып табылатын өндіріс директоры А.И.Куртанидзе өндіріс орнының кондитер цехы, нан өнімдерінің дайындалу процесімен таныстыруда.

"Барыс-2007" ЖШС Республикамызға белгілі макарон, кондитер өндіріс орны. Колледж дуалдық оқыту бағдарламасы бойынша 2018 жылдан бері өндіріс орнымен кәсіби практика өткізіп келеді. Макарон, кондитер өнімдерін дайындауда өндіріс орнының басшысы В.В.Савельева колледжбен тығыз байланыста атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келіп, өндіру процстерін көрсетті. Колледждің 3 курсында оқитын 5 студентіміз тұрақты жұмыспен қамтылып, еңбек жолын осы мекемеде жалғастыруда.

07150100 - «Машина жасау технологиясы»

«КАЗТЕХНИКАС» ЖШС машина жасаудын заманауи санды бағдарламалармен жұмыс істейтін білдектерімен жабдықталған. Кәсіпорын қазіргі заман талабына сай диод жарықтарының корпусымен бірге тағайындалады. Аталған кәсіпорындарда біздің студенттер дуалдық оқыту бағдарламасы бойынша өткізілетін кәсіби практикада білдектерді бағдарламалармен басқарып, әртүрлі өлшемдегі бөлшектерді даярлайды. Аталған мекемеде қазіргі таңда 5 бітіруші түлек штаттық негізде тұрақты жұмысқа орналасқан.

photo_2021-06-15_10-47-45
photo_2021-06-15_10-47-47
photo_2021-06-15_10-47-59

Колледж құрылтайшысы «ЮКМЗ» АҚ ауылшаруашылықтарына қажетті үлкен арналы СНП-500 сорғылар, әртүрлі қуаттағы пештер және тағы басқа машина жасау өнімдерін жасап шығарады. Аталған кәсіпорында дәстүрлі білдектердің барлық түрлерімен қамтамасыз етілген. Біздің оқушыларымыз дуалдық оқыту бағдарламасы бойынша кәсіби практика барысында осы кәсіпорында машина жасаудағы негізгі операциялардың барлық түрлерімен танысып, үйреніп шығады. Жыл сайын колледждің бітіруші түлектері "ЮКМЗ" АҚ-ның цехтарына тұрақты жұмысқа орналасып, үздіксіз жұмысшы біліктілігін оқу орны базасында дайындауға мүмкіншілік алып отыр.

301_4126
301_4130
301_4058

07220700 - «Полимерлік өндіріс технологиясы»

Колледж құрылтайшысы "ЮКМЗ" АҚ Полимер цехында дуалдық оқыту бағдарламасы бойынша кәсіби практика өткізіледі. Кәсіби практика барысында цех қондырғыларын қосып үйрену, пластикалық өнімдерін шығару, ПВХ өнімдерін дайындау жұмыстарын атқарады.

"K.A.Z.T.E.L" ЖШС, М.Әуезов атындағы ОҚУ - дің "Мұңай өңдеу және мұңай химия" кафедрасы әлеуметтік серіктестік ретінде дуалдық оқыту бағдарламасы бойынша студенттерге кәсіби практикадан тәжірибе жинақтауға өз үлесін қосып келеді. Резина технологиясын өңдеу бойынша студенттер кафедраның 5 зертханасында тәжірибе алуға мүмкіндік алып отыр. "K.A.Z.T.E.L" ЖШС - да бітіруші түлектерден 2 студент жұмысқа орналасқан. "K.A.Z.T.E.L" ЖШС өндіріс орнының өнімдері облыс, республика көлемінде қолданысқа ие.

301_4928
301_4936

07130200 - «Электрмен қамтамасыз ету»

"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС республикаға танымал өндіріс орны. Колледж "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС - де дуалды оқыту бағдарламасы бойынша 2019 жылдан бері кәсіби практика өткізеді.  "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС Сайрам аудандық бөлімінде 14 ауылдық округтың электр жүйесін қосу арқылы студенттерге технологиялық тәжірибеден өтуге жағдай жасалған. Студенттер электр желісінде тізбектелген ток күшін қосу жұмыстарын атқарады. Кәсіби практика барысында 3 курста оқитын 3 студент осы өндіріс орнына тұрақты жұмысқа орналасуға жолдама алып отыр.

Колледж құрылтайшысы "ЮКМЗ" АҚ "Электрмен қамтамасыз ету" мамандығы студенттеріне жүйелі кәсіби практика өтуге жағдай жасаған. "ЮКМЗ" АҚ-ның қосалқы станциясы, трансформатор, электр цехы кәсіби практика өткізу кезінде толық қолданысқа ие. Колледждің бітіруші мамандары "ЮКМЗ" АҚ тарапынан сұранысқа ие.

07320100 - «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану»

"Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану" мамандығы дуалдық оқыту бағдарламасы бойынша кәсіби тәжірибені "ЮМКЗ" АҚ, "Строй Экспресс РК" ЖШС, "BI Group" ЖШС өндіріс орындарында өткізеді. Жұмыс оқу жоспарына сәйкес тас қалау, сылақ жасау жұмыстары бойынша "Жұмысшы кәсібін алу" практикасын өндіріс орнында өткізеді.  "Строй Экспресс РК" ЖШС, "BI Group" ЖШС-де тұрақты жұмысқа тұрған студенттер саны - 4. Кәсіби тәжірибе алмасу студенттерге жаңа технологияны меңгеруге бағыт берді.