Қаңтар айының 26 жұлдызында Нұр-Сұлтан ММА Аралас жауынгерлік жекпе-жек бірлескен федерациясы ұйымдастыруымен ересектер мен жасөспірімдер арасында ММА Аралас жекпе-жегінің Нұр-Сұлтан қаласындағы чемпионаты болып өтті.
100-ден аса үміткерлер бақ сынасқан чемпионатқа колледжіміздің "Машина жасау технологиясы" мамандығының 4 курс студенті Патшаханов Шахрух қатысты.
Қорытынды есепте, 18-21 жас аралығы, 56.7 салмақтық категориялары бойынша шәкіртіміз жүлделі ІІ орынды иеленіп, күміс медаль, дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, жүлделі орынды иемденген қатысушылар Қазақстан чемпионатына жолдама алды.
Leave A Comment