"ЗАМАН ТАЛАБЫМЕН ҮНДЕСКЕН КОЛЛЕДЖ" ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ИНДУСТРИЯЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ АРНАЙЫ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ СЕЙДАЛИЕВ НУРЛАН ТҮЙМЕБЕКОВИЧТІҢ МАҚАЛАСЫ
Бүкіл әлемде орнаған "төтенше жағдайға" қарамастан педагог қызметкерлер Қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы білім алушы ұрпақтарымызға сапалы білімдерімен сусындатуын доғармады. Әрине, дана Абайдың "...Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға" демекші Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледж оқытушылары да өз кезегінде оқушылардың толық біліммен жан-жақты қамтамасыз етілуі үшін жан аямай еңбектенуде. Ағартушылықпен ғана емес, қоғамдық-гуманитарлық, шығармашылық жұмыстарды да қатар алып жүргендерді арнайы айтып кетуді жөн санап отырмыз.
Таяуда, республикалық "Білім шыңы - Ғылым шыңы" журналының 2020 жылғы нөмірі 03 (053) санында колледжіміздің арнайы пән оқытушысы Сеидалиев Нурлан Туймебековичтің "Заман талабымен үндескен колледж" тақырыбындағы мақаласы жарияланды. Басылымның сапалық деңгейінің жоғары болуына өз үлесін қосқаны үшін Бас редактор Б.Лесеннің "Грамотасымен" мараматталды.
#үйдеболып кітап-журнал оқу арқылы таным-түйсігімізді дамытайық, құрметті жамағат! Қайда болсақ та #бізбіргеміз
Leave A Comment