Қылмыстың алдын алу, діни экстремизм, салауатты өмір салты туралы онлайн-дәрістер топтамасы

Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің
қашықтықтан оқыту шеңберінде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
іс-шаралар жоспары аясында, қылмыстың алдын алу, діни экстремизмге қарсы онлайн дәрістер өз уақытында білім алушыларға тиімді түрде жүргізілуде.
Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ. Құрманқұловтың бастауымен педагог ұйымдастырушы Б. Рысбекова студенттерге тақырыпқа байланысты терең мәліметтер беріп өтті.
«Діни араздық пен алауыздықты қоздыру, соның ішінде озбырлықпен және озбырлыққа шақырумен байланысты, сондай-ақ қауіпсіздікке, өмірге, денсаулыққа, имандылыққа немесе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қауіп туғызатын кез келген діни тәжірибені қолдану діни экстремизм ретінде белгіленеді.
Қоғамға діншілдіктің осындай көріністерін анықтау және жария талқылау қажет, оларға жалпы қоғамның игілігіне зиян келтіріп өз конфессияларына немесе діни қауымдардың игілігіне тырысу тән».