Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында колледжімізде өткен жылдың қараша айынан бастап тұрақты түрде «Парасаттылық мектебі» қоғамдық ұйымы құрылып, нәтижелі жұмыс істеуде. Ұйым қызметінің негізгі идеясы жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу. Еліміздегі "төтенше жағдайға" байланысты барлық білім беру мекемелері #қашықтықтан_оқыту жүйесіне көшіп, студент жастарға сапалы білім беруін жалғастыруда. Сонымен қатар 2019-2020 оқу жылдарына жоспарлаған тәрбие жұмыстары да қашықтықтан жүргізілетін болып шешілді. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қайрат Құрманқұловтың бастамасымен және "Парасаттылық мектебінің" ұйымдастыруымен "Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" тақырыбында әлеуметтік жарнаманың онлайн байқауына колледж жастары белсене атсалысып видеокөрсетілім дайындады.
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
By Nurdaulet Malik|2021-01-11T13:32:23+03:0028 апреля, 2020|SANALY URPAQ, Барлық хабарламалар, Саналы ұрпақ|0 Comments
Leave A Comment