Шырайлы көктемнің соңғы айының 1 жұлдызы қазақ елі үшін ерекше күн болып табылады. 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің «Ізгілік елшісі» еріктілер қоғамдық ұйымының атынан бір шаңырақты мекен еткен барша ұлт және ұлыс өкілдерін келіп жеткен бірлік, достық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрқашан аспанымыз ашық, еліміз аман болып, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Leave A Comment