2019-2020 оқу жылының ІІ жартыжылдығында білім беру мекемелерінің #қашықтықтан білім беруіне көшуіне орай, тәрбие жоспарындағы іс-шаралар сондай үлгіде жүргізілетін болды. Мамыр айынадағы Тәрбие жоспарында көрсетілген Елбасымыздың «Елім менің» әнін әлеуметтік желілерде жариялау іс-шарасы негізінде видеокөрсетілім дайындады.
Елбасымыздың патриоттық әнін естіген әрбір жанның бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімі арта түсері сөзсіз. Ел басына түскен осындай ауыр кезеңді біз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып тек бірлік пен ынтымақта жеңетінімізге сенімдіміз. Ашық аспан астында мерекелерді тойлайтын күндеріміз көп болсын деген ниетпен, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі мерекесімен шын жүректен құтықтаймыз!
Leave A Comment