Ұлтаралық келісім мен тұрақтылық және достық пен ынтымақтастықтың үлкен шаңырағы – Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қауіпсіздігіне және оны мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өміріне егемен еліміздің қорғаныс күштері кепіл болады.

Ұлтымыздың даңқты перзенті, халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы: «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін» деген. Осындай қатаң да, айбынды парыздарын адал өтеп жүрген Отан қорғаушыларымызды бүгінгі айтулы мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Әрдайым мерейлеріңіз үстем, жүректеріңіз бір Отан деп лаулап, жандарыңыз жас болсын. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілей отырып, колледжіміздің Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Зәуірбек Арслан Қанатұлы мен жалынды ҒмҚС-9-19/г тобының өздеріңізге арналған ыстық лебіздерін қабыл алыңыздар!