Бәсекеге қабілетті жастарды даярлауды мемлекетіміз қашан да бірінші орынға қояры анық. Себебі, бүгінгі білімді ұрпақ - ертеңгі еліміздің жарқын болашағы. Осыған орай, Жоғары оқу орындары мен Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне білім алушы жастарымызға саналы да сапалы білім нәрімен сусындатуға қажырлы еңбек етуді қатаң талап етуде. Алайда, дәл қазіргі бүкіл әлемді тығырыққа тіреген уақытта Білім беру мәселесі қаншалықты дұрыс шешімін тауып жатыр деген сұрақ көкейімізге келеді. Осы сұрақ аясында Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің арнайы пән оқытушысы Нұрлан Сейдалиевтің "Функционалдылық сауаттылығын арттыру маңызды" атты мақаласын оқуға шақырамыз. Мақаланы оқи отырып, қандай ой түйдіңіз және сізді "Қашықтықтан оқыту" жүйесі толық біліммен сусындата алуына сенімідісіз бе?
Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде маман даярлауда қашықтықтан білім беру технологиясының мүмкіндіктері.
Бүгінгі таңда мемлекетіміздің басты идеологиялық сарыны саналы ұрпақ қалыптастырып, бəсекеге қабілетті жастарды даярлау. Бұл бастама арқылы біз əлем экономикасына елеулі ықпал жасап, саяси аренада рөлімізді айшықтап бір қатар басымдылықтарға ие бола аламыз. Осы орайда техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесі ғылым – білімге негізделген XXI ғасырда кез-келген мемлекеттің өркендеуші күші болмақ.
Республика көлемінде Төтенше жағдай енгізілгелі бері, елдегі барлық білім беру мекемелері қашықтықтан оқытуға көшті. Алайда білім су емес, бір сімірсең жұтыла салатын. Оны миға тоқу үшін де тер төгудің қаншалықты маңызды екені бәрімізге аян. Осы тұста көкейде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде маман даярлауда қашықтықтан білім беру технологиясының мүмкіндіктері қаншалықты жоғары деген сауал туады. Осыған барынша жауап іздеп көрдік. Қанша дегенмен осындай мамандықтар басқаларына қарағанда іс-жүзінде көптеген практиканы талап ететіні сіз бен бізге белгілі. Шамамен Қазақстан бойынша техникалық және кәсіптік білім беру қажеттілігі шамамен 287 мың адамды құрайды. Қазіргі таңда болашақ жас мамандардың барлығы үйден қашықтықта оқуға мәжбүр. Қысқаша айтқанда күндері гаджеттерге қарады. Қанша қиыншылық тудырса да, білімнің болашаққа керектігін түсінетін жастар жанталасып оқуда.
Соңғы 10 жылдықта еліміз дәл осы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың алуандауына аса көңіл аударып отыр. Осы саланы дамытуға 2009 жылы тіпті арнайы кеңес құрылған болатын. Сонымен қатар Ұлыбританияның әлемге әйгілі алдыңғы орындардағы 24 колледжімен келісімшарт жасасқан. Оған қоса Қазақстанның түкпір-түкпірінен арнайы және техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін ашты және елімізде «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!»-«Серпін-2050» атты мемлекеттік бағдарлама жұмыс істеп келе жатыр.
Бастысы білім алушылар қалай оқыса да жерде қалуы мүмкін емес сияқты. Сондықтан да Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде маман даярлауда қашықтықтан білім беру технологиясының мүмкіндіктері аз емес. Қалай болғанда да, мұғалімге де, білім алушыларға да көптеген жағдайлар жасалуда. Тіпті мүмкіндігі жоқ, жағдайы жетпейтіндер де басшылықтың қолдауымен арнайы электроникамен қамтамасыз етілді. Өйткені бұл мамандықтар, ең керектілердің қатарында. Кәсіптік-техникалық білім беру саласына, яғни колледждерге айрықша маңыз берілу себебі, кәсіпорындардың сұранысына ие болуында. Демек бұл жағдайлар өмірін жаңа бастаған жастар үшін таптырмас мүмкіндіктер екені сөзсіз.
Қашықтықтан оқыту жүйесі білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, жастарға берер мүмкіндіктерінің көп екендігін көрсетті. Бұл əсіресе, болашақ маман даярлау ісінде оң өзгерістер көрсетері сөзсіз. Қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы болашақ маман жан – жақты болуға, абстрактілі ойлау жүйесін дамытуға мол мүмкіндіктерге ие бола алады. Бұл өз кезегінде бəсекеге қабілетті жастар тəрбиелеуге, экономиканың жаңа қозғаушы күшін қалыптастыруға қызмет етері анық.
Leave A Comment