Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледж директоры Нұрекенова Нұргүл Жақсылыққызы білім саласындағы әріптестерін, білім нәрімен сусындауға асыққан оқушыларды, ата- аналарды 1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтады. 2020-2021 оқу жылындағы колледжімізде білім алатын 1000-нан астам шәкірттерімізді тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрелі азамат болуға шақырды. Сонымен қатар, білім саласындағы жаңалық - оқу үрдісінің қашықтықтан жүргізілетінін тиек етіп, мұғалім-студент - ата-анаға жаңа дүниенің қиындығы мен қызығы қатар жүретінін айтып, үлкен жауапкершіліктің осы "алтын үштікке" түсетіндігін хабарлады.