Ағымдағы жылдың 7-18 қыркүйек күндері оқу ордамыздың «Физика» пәнінің оқытушылары – Нәрікбай Бахтыгул Жөгібекқызы және Жұмабаев Ержігіт Бахтиярұлы «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Физика» жалпы білім беру пәнінен колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде онлайн курсын аяқтады. Курс тәлімгері – Сагадиева Кенжегуль Биахметовна, білікті маман ретінде өте түсінікті әрі тың ақпараттармен тыңдаушыларды сапалы біліммен сусындата алды. Курс барысында төмендегі тақырыптар негізінде таныстырылым дәрістері, презентациялар беріліп, вебинар сәтті өтілді және әр тақырыптық вебинар соңында тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін зерделей алды:
· Жаңартылған орта білім беру мазмұнының ерекшеліктері
· Тиімді оқыту және оқу
· Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер
· Критериалды бағалау жүйесі
· Педагогикалық дизайн
· Физика сабақтарында зерттеу дағдысын және жаратылыстану сауаттылығын дамыту
· Оқу мақсаттарын жүзеге асыруға арналған тапсырмалар әзірлеу
· Оқу мақсаттарын жүзеге асыруға арналған тапсырмалар әзірлеу
· Ықшамсабақ
· Сабақ жоспарлау
Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керек екенін мемлекеттік стандарттар, бағдарламалар белгілейді. Ал, «қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай алуынан, өзінің нақты мақсаттарын болжап, көріп, баланың әрекетін ұйымдастыра алу шеберлігінен іздеу керек.