Халықаралық зияткерлік дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған мәнерлеп оқудан "Тәуелсіздік күні" атты республикалық байқауда "Ең эмоцияналды орындау" номинациясы бойынша колледжіміздің Пт-9-20/г тобы студенттері Алмахан Самал, Манатова Нұргүл, Әж-11-20/г тобының студенті Саур Эланора және "Ең шынайы орындау" номинациясы бойынша ӘЖ-11-20/г тобы студенті Юнусметова Насибахан жүлделі І орынды иеленді. Абиш Аяжан, Якубов Самандар сынды шәкірттеріміз жоғарыдағы номинацияларда жақсы қырларымен танылғаны үшін Алғыс хат иелері атанды. Іс-шараның ұйымдастыруына атсалысқаны үшін, белсенді жастарды шығармашылыққа бағыт берген колледжіміздің орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары Пивненко Альмира Владимировна мен Галимова Галия Алиакбаровна, сонымен қатар аталған топ студенттерінің жетекшілері Бектас Бектас Айдана, Махамедов Искандар Алғыс хатпен марапатталды.