Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмыс орнында физикалық жаттығулар жасау ережелерін бекітуіне байланысты, Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледж ұжымы жұмыс күнінің бірінші жартысының 10-15 минут уақыт аралығын дене жаттығуларымен шұғылдануды дәстүрлі шараға айналдырды.
«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Сол себепті, әр күнге қойған мақсатыңыз нәтижелі орындалғанын қаласаңыз, бізбен бірге сіздер де спортпен шұғылданыңыздар!
Leave A Comment