1 желтоқсан – біздің тарихымыздың жаңа ақ парағы ашылған күн. Тәуелсіздікті тұғырына қондырған, елді ерлікке жеткізген Ұлт Көшбасшысы 1 желтоқсанда ел тізгінін ұстады. Осы күні президенттік институтқа қадам бастық. Тұңғыш Президенттің бастамаларына қолдау жасай отырып, еліміз көп биікті бағындырды. Мемлекетіміздің әлем елдері арасындағы абыройы уақыт санап артып келеді. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еселі еңбегінің, көреген жасампаздығының жемісі.
Осындай тарихи күнге орай колледжіміздің "Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану" мамандығының І курс студенттерінің "Ұтқыр шешім - Табанды еңбек - Сындарлы саясат" жүргізе білген Ұлт көшбасшысына деген мақтаныш сезімдерін көрсеткен ашық тәрбие сағатын көруге шақырамыз.