1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС/АИТВ-пен күрес күні Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен 1988 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі.
ЖИТС (жүре пайда болған иммунитет тапшылығының синдромы) – аса қатерлі вирустық дерт. Вирустың құрамында SD-4 протеині бар зат табылған, сондықтан вирус лейкоциттерге жабысып, олардың ішінде өзінің ақпаратын жіберіп отырады. ЖИТС вирусы алғаш рет 1981 жылы АҚШ-та Колифорния штатында кистозды пневмонияға шалдыққан гомосексуалистер арасында табылған. 1983 жылы атақты ғалымдар Люк Монтанье және Франсуаза Барре-синусси зерттеп, лимфоциттерде орналасқандығын дәлелдеген. 1984 жылы ағылшын ғалымы Роберт Галло ЖИТС вирусын зерттеп, адамдарда ғана пайда болатынын дәлелдеген.
Аурудың арнайы емі жоқ, сондықтан барлық жүргізілген шаралар ауруды тежеуге және адам өмірінің сапасын шамалы болса да ұзартуға көмектеседі.
1988 жылдан бері қарай дәл осы күн дәстүрлі түрде барлық елде әр түрлі ұрандармен, іс- шаралармен өткізіледі. Іс- шаралардың мақсаты – халықты салауатты өмір салтын насихаттауға шақыру, аждаһа дертті ауыздықтау, халыққа аурудың алдын-алу мен жұқтырып алмау тәсілдерін түсіндіру.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, адамға денсаулық бір- ақ рет беріледі, ал сіздің денсаулығыңыз –өзіңіздің қолыңызда. Әр адамның мәнді де сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз екен. Сондықтан да өмірдегі ең жарқын жастық шақтарымызда дендеріміздің саулығына бүгіннен бастап қамқор болайық. Жастық шақтарымыздың тамырына анаша, арақ, темекі балта болып шабылмасын!
Leave A Comment