Бүгін, 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. Бұл күн 2004 жылдан бастап, жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтіледі. 2003 жылғы 1 қарашада Мексиканың Мерида қаласында жоғары деңгейде өткен саяси конференцияда БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қабылдады.
Конвенцияның мақсаты - жемқорлықтың алдын алу және жою.
Қазіргі уақытта Конвенцияға 140-қа жуық мемлекет қол қойып, 80-ге жуығы ратификацияланды. Қазақстан осы Конвенцияны 2008 жылдың мамыр айында ратификациялады.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күреске белсене араласқандығын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық мемлекеттермен және тиісті халықаралық ұйымдармен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігін көрсетті.ь звук
Сыбайлас жемқорлық барлық қоғамға кері әсерін тигізеді. Әрқайсымыз тікелей болмаса да жанама түрде сыбайлас жемқорлықтың құрбанына айналамыз. Ол бизнеске кедергі бола отырып, жалпы ел байлығының азаюына әкеледі, нәтижесінде жалпы ел байлығы азайып, ал бұл, өз кезегінде, әлеуметтік қызметтердің қаржыландыруын азайтады (мектеп, аурухана, жолдар, коммуникациялар, көріктендіру, полиция және т. б.) және мемлекеттік қызметтің сапасын төмендетеді.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықты жою – бұл тек қана мемлекеттің мүддесі мен міндеті ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әрбір азамат бұл мәселеде алаңдаушылықты сезінуі тиіс, ешкім бұл зұлымдықпен күресте бейтарап қалмауы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғам мен мемлекет бірігуі тиіс. Сонда ғана сыбайлас жемқорлықтың көріністері азаяды.
Leave A Comment