Еліміздегі жетекші саяси «NurOtan» партиясы 20 жыл ішінде өз алдына ұзақмерзімді стратегиялық міндеттер қойып, оларды сәтті жүзеге асыра алды. Партияның жетістігі – мемлекетіміздің тұрақты дамуын, азаматтарымыздың сапалы өмір сүруін қамтамасыз етті. Осы табыстарды одан әрі жалғастыру мақсатында «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты жаңа сайлауалды бағдарламасы – баршаға тең мүмкіндік, зияткер, саламатты және ыждағатты ұлт, орнықты экономика, халыққа есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар сияқты уақыт талабынан өткен, кез-келген заманауи қажеттіліктерге жауап бере алатын ауқымды бағыттарды қамтығаны сөзсіз. 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бөлімдері бойынша бүгін Мұсабаева Құралай Әбдіразаққызымен бірге Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің ұжымдарымен кездесу ұйымдастырылып, үгіт-насихат жүргізу барысында бағдарламаның негізгі көздеген мақсаттырын аудан халқына түсіндіру жұмыстарын қалай жүргізу керектігі талқыланды.