Бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары Қарабұлақ ауылында орналасқан №25 Д. Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледжінде болып өтті. «Мен бірінші рет дауыс беремін!» тақырыбында ұйымдастырылған кездесу барысында 18 жасқа толған студенттермен алдағы сайлаудың маңыздылығы және ережелері жайында сөз қозғалды.
Үміттер ақталып, мақсаттар айқындалатын кезеңде бей-жай қарамай, ел болашағы үшін белсенділік танытуға шақырамын. Бүгінгі таңдауыңыз – ертеңгі болашағыңыз екендігін ұмытпайық!