«Есіктен есікке» акциясы бойынша күні кеше Сайрам ауданының Ақбұлақ ауылы, Қарамұрт елді мекеніне қарасты Саяжай аумағында «Nur Otan» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасын тұрғындарға насихаттау жұмыстары жүргізілді. Үгіт-насихат барысында Саяжай тұрғындары елді мекенде мектептің жоқ екендігі, газ тартылмағандығы және т.б. мұң-мұқтаждарын айтып өтті. Айтып өтілген мәселелердің барлығына Партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша алдағы 5 жылда шешімі табылатындығы, оның ішінде партияның 2024 жылға дейін аудан тұрғындарын 100 пайыз газбен қамтамасыз ету міндеті қойылғандығы, жол сапасын жақсарту жұмыстарын аяқтауға, Ақбұлақ ауылына Дарынды балалар мектебін ашуға, 2021 жылға дейін 100 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратын салуға ықпал ететіні нақты түсіндіріліп, буклеттер таратылды.
Баршаңызды нақты істер мен мақсаты айқын «NurOtan» партиясына дауыс беруге шақырамын!