«Nur Otan» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасын насихаттау жұмыстары Сайрам ауданындағы Қарамұрт елді мекенінде бүгін өз жалғасын тапты.
Қарамұрт ауылының тұрғындарымен осында орналасқан «Hashimbay ata» сауда орталығындағы кездесуде «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейін 4 бірлік тауарлы-сүт фермаларын ашуға, 250 адамды жұмыспен қамтамасыз ететін 11 га. өндірістік жылыжай салынуға, спорт кешені мен алаңшаларының құрылысына ықпал етіп, іске асыруына күш салатыны түсіндірілді.
Кездесу барысында елді мекен тұрғындары өздерінің көкейде жүрген сұрақтарын және өңірдің өзекті мәселелеріне тоқталды. Тұрғындардың айтуы бойынша, ауылда төтенше жағдай туындағанда Өрт сөндіру бекетінің жоқ екендігін тілге тиек етіп, ең алдымен осындай маңызды орындардың ашылуына партия тарапынан қолдау көрсетуге өз ұсыныстарын білдірді.
Айтылған мәселелердің барлығын тізімге алып, алдағы уақытта шешімін табатыны жеткізілді. Партия тұрғындардың үмітін ақтау үшін, барлық топтағы халықтың мүддесін білдіру үшін, халық пен билік арасындағы өзара байланыстырушы буын болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Бізбен бірге жарқын болашаққа таңдау жасаңыздар!
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Leave A Comment