Биыл ақиық ақын, Тәңіртаудың мұзбалағы, қазақтың қара өлеңінің қасиетін ұғынған Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы.

Қазақ поэзия əлеміне шетсіз-шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік алып келіп, құдіретті қарапайымдылықпен «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақын жалындап өткен 45 жылдық қысқа ғұмырында алдында өткен ағалары — Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Əуезов, Қасым Аманжоловтар сықылды қазақ тілі үшін күресін, жел бесік — мектеп қабырғасынан бастап, жер бесік — қара топырақ қойнына кіргенге шейін ана тілі үшін айқасып, қазақ тілінің қайтадан алып жұлдыз — Алтын күнге айналуына өз үлесін қосқаны бүгінде баршамызға үлкен өнеге екені даусыз.
Атаулы мерейтой аясында Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі ұжымы ақиық ақынның өлеңдерін оқу челленджін бастады. Басты мақсатымыз - поэзия патшасының сыршыл шығармашылығын қалың көпшілікке дәріптеу.