Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде Сайрам аудандық кітапхана қызметкерлерімен бірге қазақ халқының ұлы ақыны, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай кітап көрмесі өтті. Көрмеде абыз жыраудың рухани бай мұрасы, өмірбаяны мен шығармашылығы жайындағы мәліметтер ұсынылды.
Жамбыл – революцияға дейін-ақ Жамбыл болған. Айтыс өнерінің төріне шыққан. Жетісу ғана емес, Алтайдан Арқаға дейін – бәрі мойындаған тұлға. Өйткені, Жамбыл Жабаев – қазақ халқының басына төнген небір қиын-қыстау кезеңнің куәгері. Сол себепті, біз Жамбылдың шығармашылығына ұлттық код ретінде қарауымыз керек. Жамбылдың шығармашылығын түсіну үшін жаңа көзқарас, жаңа таным керек. Жамбыл – ұлтымен бірге мәңгі жасайтын тұлға.
Көрмеге ақынның жыр жинақтары, сирек кездесетін кітаптары мен дастандары, ертегілері және әр жылдары жарық көрген шығармалары көрермендерге ұсынылды.
Leave A Comment