17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні». Бұл мереке «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен тамырлас. Өйткені, тарихи сананы дұрыс қалыптастырмай, болашақты бағдарлау қиын. Сондықтан, аталған мейрамды атап өту – маңызды.
Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде І курс студенттерімен маңызды күннің басты миссиясын түсіндіру мақсатында конференция ұйымдастырылды.

Бұл күні, әсіресе өткен ғасырдың бас кезінде тәуелсіздікке ұмтылған халық рухының өміршең идеяларын насихаттауға үлес қосып, азаттықтың ақ таңын аңсап, осы жолда құрбан болған және патриоттықтың жоғары деңгейлі озық үлгісін паш еткен Алаш арыстарының есімін ұлықтауды атап өткен жөн. Өйткені, тәуелсіздіктің алғышарттары осы кезеңде анық көрінді және сол жолдағы күрес басталды.
– Мықты мемлекет болу үшін мемлекетшілдік идеясы қажет. Сол идея арқылы біз ертеңгі күні елге иелік ететін жастарды рухы мықты қылып тәрбиелейміз. Тарихты тануға, салт-дәстүрді, баба тілімізді құрметтеуге, төл тамырынан ажырамайтын өресі мықты етіп өсіреміз. «Тарихқа тағзым күнінің» осындай үлкен миссиясы бар.