Биыл күш атасы Қажымұқанның туғанына 150 жыл. Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш етті. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбының мерейтойын республика көлемінде атап өту ақпан айынан басталып, өз жалғасын табуда. Басты мақсат – өскелең ұрпақтың бойына ата-бабаларымыз аманаттап кеткен қасиеттерді сіңіру. Ата-бабамыздың бізге қалдырып кеткен мұрасын жаңғыртып, соның негізінде жастарды тәрбиелеу. Сонымен қатар елімізде бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортына баса мән беру арқылы болашақ чемпиондарды даярлау. Атаулы мерейтойға орай колледжімізде апталық іс-шаралар жоспары құрылып, сол бойынша бүгін Дене шынықтыру пәні оқытушысы Айдаралыұлы Еламан І курс студенттеріне Күш атасы жайлы деректі фильм негізінде өмірбаянынан түсіндірме жұмысын жүргізді. Студенттер Алып тұлға жайлы тың мәліметтермен танысып, апталық іс-шараларға белсене қатысуға ниет білдірісті.
Leave A Comment