«Қазақстан ширек ғасырдан бері тұтас жер беті бейбітшілікке бөлену үшін бар күш-жігерін салып келеді. Біз қуаты жөнінен әлемде төртінші орынға ие ядролық қарудан өз еркімізбен бас тартқан елміз. Әлемдік қауіпсіздікті нығайту жолында көптеген тың бастамалар көтердік. Бұл – Қазақстанның бейбіт бастамалары жер бетіндегі барша елдің мүдделеріне сай келетінін және олардың қолдайтынын көрсетті». Ия...Бұл жалынды сөздер – еліміз тарихында айрықша орын алған Семей сынақ полигонының ресми түрде жабылғандағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының халқымызға жаға рух берген сөздері еді. Тарихи сәтке де биыл 30 жыл толады. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде Тарих пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен «Семей полигоны – тарихтың қасіретті беттері» тақырыбында студенттерге эссе жаздырды. Мақсаты – Қазақ халқына орасан зор қасірет алып келген Семей атом полигоны жайлы оқушылардың білімін кеңейту арқылы патриоттыққа тәрбиелеу.
Leave A Comment