Түйіндеме

Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ер құлдықтан, әйел күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие болмайды! Ә.Н.Бөкейхан

 

Резюме

 Он не будет освобожден от рабства, он не будет освобожден от рабства, он не будет освобожден от рабства, он не будет освобожден от рабства, у него не будет ни собственности, ни головы! А. Н. Бокейхан

Summary

 He will not be freed from slavery, he will not be freed from slavery, he will not be freed from slavery, he will not be freed from slavery, he will have no property, no head! A. N. Bokeikhan

 

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) - XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,

ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өткен екінші жалпы қазақ съезі Алаш автономиясы деп аталатын Ұлттық мемлекет құрылғандығын мәлімдеп, оның үкіметін сайлады. Әлемнің алтыншы бөлігін алып жатқан Ресей империясы көлемінде бұл аса зор оқиға болмағанымен, отарлық езгідегі қазақ қоғамы үшін оның тарихи маңызы ерекше еді. Өйткені мұның бәрі қазақ елінің XVIII ғасырдан бергі өз бостандығы мен теңдігі жолында орыс империясына қарсы жүргізген азапты күресінің қорытындысы болатын.

Бірақ қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің бұл әрекеті ескі Ресейдің тұтастығын көксейтін ақ казатар мен патша генералдарына да, жаңа тоталитарлық жүйені орнатушы большевиктерге де ұнай қоймады. Егер алғашқылары Алаш қайраткерлеріне Ұлы Ресейсіз өз бетінше өмір сүре алмайтын бұратана халықтың ат төбеліндей сеператистік пиғылдағы өкілдеріндей қарап, аяқтарынан шалса, соңғылары саяси сауатсыз, аңқау елді арзан ұрандармен артына ертіп, ал оның көзі ашық көш бастаушыларын «бужуазиялық ұлтшылдар», «ұлтшыл-уклонистер» деп жариялап, алдымен халықты оларға қарсы қойып, артынан бұларды асып-атып, рухани азапқа салып жойып тынды.

Халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін терең із қалдырған сондай қайраткерлердің бірі – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан.

Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы, 5 наурызда бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының жетінші ауылында өмірге келді. Қазіргі әкімшілік-аймақтық бөлініс бойынша бұл елді мекен Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы, «Қаратал» совхозына қарайды.

Әлиханның әкесі –Нұрмұхамед, анасы – Бегімханым оқу-білімге жақын, парасатты адамдар болған.

Әлиханны ңүлкен атасы – Бөкей, ол атақты көкжал Барақ сұлтанның ұлы. 1816 жылы бес мейрам – арғын Уәли билігін мойындамай, Орта жүзде екінші хандық құрады. Хан етіп сексеннен асқан қарт Бөкейді сайлайды. Бөкейдің тоғыз ұлының бірі – Батыр сұлтан, Батырдың ұлдары Мырзатай мен Рүстем. Мырзатайдан Нұрмұхамед туады.

Әлихан Бөкейханның қайраткер ретінде қалыптасуының екі рухани негіздерін бөліп айту артық емес. Біріншіден, Әлихан еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның қоғамдық көзқарасының  қалыптасуына халықтың бай ауыз әдебиетінің, ұлы Абайдың және басқа ақын-жыраулардың терең ойлы шығармаларының ықпалы болғандығы сөзсіз.Оның 1907 жылы тұңғыш рет орыс оқырмандарын Абайдың шығармасымен таныстыруды көздеген материал жариялап, ал 1909 жылы ұлы ойшылдың шығармаларының Петерборда жарық көруіне мұрындық болды.

Өмірінің соңына дейін Қобыланды, Ерсайын, Қозы-Көрпеш – Баян сұлу және басқа да халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап зерттеп және насихаттап өтті.

Екіншіден, ХХ ғасырдың басында озық ойлы Еуропа мәдениеті мен дәстүрінің ықпалынсыз Әлихан Бөкейхан сияқты ірі қайраткерлердің қалыптасуы, әрине , мүмкін еместін. 1917 жылдың жазында  Уақытша өкіметтің комиссары қызметінде жүріп жазған мақаласында ол: «Бостандық, теңдік, туысқандық XVIII ғасырдан бері жарыққа шыққан таза пікір. Мұны  майданға салған Франция жұртының саяси ерлері. Осы үш түрдің бәрі біздің тарихтан, інжілден, будда оқуынан, Лев Николаевич Толстой философиясынан табылады, көзі ашық талапты ер іздесе. Бұл үш ұраннан бөлек адам баласының бақыт, махаббатына жол жоқ. Бұл жолдан шыға жайылған хайуандыққа қайтқан болады» - деп жазды.

Әлихан Бөкейхан ХІХ ғасырдың 80 жылдары империяның шығыстағы орталықтарының бірі Омбы қаласында техникалық училищеде оқыды. Бірақ оның шын мәніндегі үлкен саясаттың не екендігін түсінген кезі Санк-Петербургтегі орман-техникалық институтында оқып жүрген жылдарына тұс келеді.

Омбыдағы орман шаруашылығы училищесіне математика пәнінен оқытушы болып жұмыс істеп, социалистік бағыттағы «Степной край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласа бастайды.

1896 жылы үкімет шешімімен Ақмола, Семей және Торғай облыстарындағы жер жағдайын зерттеп қазақ даласына орыс шаруаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап беруге тиіс болған Ф.А.Щербина бастаған экспедиция жұмысына Әлихан Бөкейхан  қатысуға мүдделік танытады.

Жұмыс мерзімі 1896 және 1903 жылдар аралығы қамтылып, 13 томдық ғылыми еңбек басылып шықты. Әлихан Бөкейхан  қазақ даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген  орталық биліктің таяу жылдары ірі шараларды іске асыруға даярлық жасап жатқанын байқады.

ХХ ғасырдың басы, 1905-1910 жылдары Ресейдің переселен саясатында, сол арқылы Оралдың шығыс бөлігін отарлау саясатында жаңа кезең болды. Егер 1864-1885 жылдар аралығында Оралдың шығыс жақ бетіне қоныс аударушылар саны 300 000 адам болса, бұл сан 1885-1910 жылдары 205 миллионға өсті.

Қоныс аударушылардың үлкен бөлігі қазақ жерлеріне ұмтылды. Белгілі бір жүйеге түскен, ұлыдержавалық отарлауц саясатының басында патшаның өзі, Мемлекеттік Дума және өкімет орындары тұрды, сондай-ақ бұл іс жақсы қаржыландырылды.

Қазақ даласын ашықтан-ашық отарлау саясатына білек түрініп кіріскен патшалық жүйемен күрес жүргізу үшін әуелі бүкіл қазақ жұртының басын біріктіруді көздеген әрекеттер жүргізді. Түрлі мамандық иелері арасынан шыққан қазақ зиялылары  елде жаңа сипат алған ұлттық қозғалысқа саналылық, ұйымдасқан сипат беру жолдарын қарастырды. Осы бағытта газет шығару, саяси күреске шақыратын кітаптар бастырып тарату, көкейкесті қоғамдық-саяси талаптар қойған петициялар ұйымдастыру сияқты бұрын қазақ тарихында болмаған саяси күрес құралдарын игере бастады.

Әлихан Бөкейханның атқарған еңбегі аса зор. 1913 жылдың ақпанынан шыға бастаған «Қазақ» газетіне дейін жалпы ұлттық газет шығару әрекеті ілгері баспаған. Оның газет шығару ісіндегі мол тәжірибесі 1896-1907 жылдары «Степной край», «Иртыш», «Омичь», «Голос степи» сияқты газеттерде істеуі, Мемлекеттік Дума депутаты ретінде сол кезеңдегі Ресей жоғары билік орындарына жақын адамдармен тікелей таныс болуы «Қазақты! ұйымдастыруда аз еңбек еткен жоқ.

Газеттің алғашқы сандарынан бастап ол «Қыр баласы» атты жамылғы есіммен мақалалар жазып, ең күрделі және өзекті мәселелер бойынша негізгі авторға айналды.

«Қазақ» газеті бетінде Әлихан Бөкейханның негізгі тақырыбы жер мәселесі болды.  Мақалаларының бірі:

Қазақ

Біздің қазақ баласы орыс патшасының қол астында тоғыз облыс, бір губернияда:

1-Семей облысында 655 мың 971 адам

2-Ақмола  облысында 484 мың 456 адам

3- Торғай облысында 422 мың 401 адам

4-Орал облысында  466 мың адам

5- Закаспиискі 71мың 367 адам

6-Сырдария облысы 888 мың адам

7- Жетісу облысында 844 мың адам

8- Ферғана облысында 374 мың 981 адам

9-Самарханда 79мың 83 адам

10 Астрахан губерниясында 213мың адам

 

Бәрі 4 миллион 499 мың 664 адам.

1898 жылғы есепте қазақ затынан қазақ тілімен сөйлейтін адамның саны 4 миллион 84 мың.

Бір жылғы адам баласының таза өсімі мыңға 15 адам. Он жыл аралатып екі есеп алғанда Көкшетау уезінің қазағы мыңға бір жылда 25 адам қосылып өскен. Бұған қарағанда қазақ баласының өсімі өзге халықтардан артық болмаса кем емес, қазақ жұрты мыңға 15 тен өсіп, 1897 жылы орыс қол астындағы қазақ 4 миллион 84 мың деп есеп қылынса, 1913 жылда 5 миллион 64 мың болады. Бұл есепте Жетісу қырғыздары да бар.

Бұл қазақ һәм қырғыз Шыңғыс хан заманынан бері, 7 жүз жыл шамасында, жоғарыда аталған 9 облыс жерінде жүріп тұрды. (бұл 1908 жылғы губернатор обзорындағы есеп.)

Бұл жердің айналасы мынау: темір қазықта Жайық һәм Тобыл, күн шығыста Ертіс, оң түстікте Түркістан таулары, мұның ең биік Хан Тәңірі, күн батыста Амудария. Осы облыс, бір губернияда 260 миллион десятина шамасында жер бар. Бұл жердің көбі 10-20 жыл мұнан бұрын қазақ пайдасында еді. Соңғы 10-15 жыл Торғай һәм Ақмола облыстарынан қазақ пайдасындағы жерден көп жер мұжық пайдасына кетті. 1908 жылға шейін мұжыққа қазақтан алып берген жер 4 миллион десятинадан аз артық еді.1913 жылдағы есепте 1906-1912 жылдарда қазақтан мұжыққа алынған жер 6 миллион десятинадан арты.

Қыр баласы

«Қазақ», 1913, №8

Әлихан Бөкейхан бар өмірін өз халқының болашағы үшін күреске арнаған үлкен саясаткердің бірі болды. 1928 жылдары Алашордалық қайраткерлерге қарсы сот процестері басталып Әлихан Бөкейхан мен оның пікірлес серіктерін саяси өмірден біржола ығыстырып тастаған.

1937 жылы 27 қыркүйекте КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесілген Әлихан Бөкейхан 1989 жылғы 14 мамырдаКСРО Жоғарғы Сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақталады.

Әлихан Нұрмұхамедұлы мен оның серіктері өмір сүрген дәуірде қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті мәселе – ұлттық теңдік пен саяси бостандық еді.

Міне, еркіндікті аңсаған қазақ қайраткерлерінің армандары орындалып,  биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл!

Елі үшін, халқы үшін жанын қиған қазақтың дара тұлғасы Әлихан Бөкейханның арманы мәңгілік болсын!

 

Әдебиеттер.

 1.Тарихи тұлғалар. Әлихан Бөкейханов. Шығармалар. Алматы: Қазақстан, 1994.-384 бет. Құрастырушы Мәмбет Қойгелдиев.

2.Мұхамедханов, Қ. Абай мұрагерлері [Мәтін] Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер енген] / шығармаларын жинап, зерттеп, өмірбаяндары жазып, баспаға әзірлеген Қ. Мұхамедханов. - Алматы : Атамұра, 1995. - 208 б.

3.Мұхамедханұлы, Қ. Абайды тұңғыш рет баспасөзде танытқан Әлихан Бөкейханов [Мәтін] / Қ. Мұхамедханұлы [Мұхамедханов] // Түркістан. - 1995. - 9 тамыз. - Б. 1.