Ұлы жеңістің 76 жылдығы қарсаңында Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің Алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысы Зәуірбек Арсланның бастамасымен «Жас сарбаз» және «Ізгілік елшілері» еріктілер ұйымы Сайрам ауданының тұрғыны әрі құрметті азаматы,Ұлы Отан соғысының ардагері Абищев Холниез атаның үйіне Ұлы Жеңіс күнімен құттықтау мақсатында кездесуге барып қайтты.
Кездесу барысында ардагер атамыз сұрапыл соғыстың отанымызға қаншама қасірет алып келгенін, бүгінгі таңда еліміз бейбітшілік пен келісімде өмір кешіп жатқанын айтып, халықтың басты міндеті елдің бірлігін және тыныштығын сақтап қалу екендігін атап өтті.
Кездесу соңында Холниез ардагер атамыз колледж ұжымы мен оқушыларға ізгі тілегін айтып, білім саласындағы еңбектеріне табыс тіледі. Өз кезегінде ұйым мүшелері құрметті ардегерімізге көрсеткен ерлігі және қазіргі бейбіт заман үшін алғысын білдіріп, Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтап, отбасыларына бақыт, ашық аспан, дендеріне саулық-амандық тіледі.