Бүгін, 15 мамыр - Халықаралық Отбасы күні
1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешіммен 15 мамыр Халықаралық отбасы күні деп бекітілген болатын. Ал, 1994 жылы Отбасы күні алғаш рет аталып өтілді. Бұл күнді белгілеудің себебі, түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған екен.
Атаулы күнге орай, Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің арнайы пән оқытушысы әрі ПТ-9-20/г тобының жетекшісі Махамедов Ескердір Абдукахарович “Отбасы - бақыт мекені” тақырыбында Zoom платформасы арқылы онлайн түрде топ студенттерінің ата-аналарымен ашық тәрбие сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты - қазіргі қоғамда отбасылық құндылықтарды ең алдыңғы орынға қою арқылы ата-ананы, туған-туысты құрметтеуге дәріптеу және баланың өз отбасында шынайы бақытқа кенелуіне ата-ананың маңызды рөл атқаратынын түсіндіру.
Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.
Отбасындағы шаңырақтың керегесі кең, мықты болуын, ойлаған ата-аналарымыз аман болсын! Әрбір отбасында қайғы-қасірет, дерт болмасын! Ананың жүрегінен жылулық әрбір баланың жүзінен күлкі кетпесін!
Leave A Comment