Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының тапсырмасымен 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні аясында «Отбасы сағаты» республикалық акциясы бойынша Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде атаулы күнге орай топ сағаттары болып өтті.
Қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасын, ата-анасын, туыстары мен жақындарын бағалау, құрметтеу сезімдерін кеңейту, отбасындағы қарым-қатынастың беріктілігін нығайту және ұрпақтар сабақтастығын дамыту мақсатын көздеген акция барысында колледж студенттері бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, отбасы мүшелерімен бейнероликтерін жолдады.