1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледж ұжымы мен «Ізгілік елшілері» еріктілер тобы Ақсу ауылындағы Орталық саябақта Сайрам ауданы Зағиптар қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік іс-шараға белсене атсалысып, бүгінгі күннің басты кейіпкерлеріне тегін балмұздақ таратты.
Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де кемел болуы рухы асқақ, өресі биік білімді де талантты ұрпақ қолында. Кішкентай да болса, үлкеннің назарын өзіне аударған балдырғандарымыздың риясыз күлкісіне бөлене берейік.
Еліміздің барша жас өрендері мен балдырғандарын бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтай отырып, болашақтарыңыз жарқын, аспандарыңыз ашық, елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңыздар демекпіз.
Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілейміз!