Тақырыбы: Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ.
Сабақтың түрі: Конференция сабақ
Сабақтың әдісі: пікірталас, сұрақ-жауап
Оқу ордамыздың педагог ұйымдастырушысы Рысбекова Балжанның ұйымдастыруымен ZOOM платформасында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында “Ақиқат” дебат клубының мүшелері арасында пікірталас болып өтті.
Мақсаты: Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық мәдениеті, бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелері туралы білім деңгейін арттыру.
Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы - еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету керек. Осылардың барлығын балалардың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты болмақ. Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі тәрбиелілікке үйретудегі пәрменді тәсіл - адамдардың өзара тәлімі мен үлгісі екенін айтқанымыз жөн. Халық даналығы – «Адамнан - адам тәлім алады, ағаштан – ағаш мәуе алады» деген сөз бекер айтылмаған.
Leave A Comment