Құрметті Білім саласының қызметкерлері, студенттер, ұстаздар қауымы және ата-аналар!
Сіздерді Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!
1 қыркүйек – барша ТМД елдеріне ортақ дәстүрлі мереке. Бұл күн еліміздің барша жұртшылығының басын біріктіреді: алғашқы қоңырау үніне асыққан оқушылар, мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан колледж, жоғары оқу орнының студенттері, ұстаздар қауымы мен ата-аналар айтулы күнді асыға да жауапкершілікпен күтеді. Білім күні тек атаулы мереке ғана емес, еліміздің келешегі тәуелді жауапты кезең бастамасы.
Құрметті білім алушылар, Білімнің Сіздер үшін маңызы А.Байтұрсынов сөзімен: "Білім - бір құрал: Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді"- айтқандай, ой салыстыратын заманда білім нәріне сусындауға асығыңыздар. Бүгінгі күн баршаңызға жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын!
Қандай да маман болмасын, іске деген жауапкершілігін, біліктілігі мен білімін оқу ордасының қабырғасында жетілдіріп, меңгеріп шығады. Бұл ретте үмітіміздің үлкені – ұстаз мойнындағы міндетте. Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз әр кез жемісті бола берсін. Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілейміз!
Баласынан үлкен үміт күтетін ата-аналар қауымы, болашағы жарқын елдің жасампаз жастарын тәрбелеуде Сіздердің алатын орындарыңыз әркез ерекше. Бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз!
Білім күні құтты болсын!
Leave A Comment