«Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі, көркемдігі өрлігінде, орасан зор байлығында. Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында оқу ордамызда 2021 жылдың 6-10 қыркүйек аралығында Тілдер апталығын өткізу жоспарланып, бүгін апталықтың ашылу салтанатына орай “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” тақырыбында топ сағаттары болып өтті.
Тәрбие сағаттарының басты мақсаты: Қызыл тілдің құдіреттілігін, халықтың рухани кәусар бұлағы – көркем сөздің қуатты күшін, мәнін, дәрежесін, байлығын түсіндіру.
Білім алушылардың интеллектуалдық ой - өрісін, білім деңгейін көтеру, танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізуде сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне, тіліне, тарихына сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Leave A Comment