Колледжімізде ұлы ақын А. Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын, философиялық көзқарастағы қара сөздерінің мәнін, мағынасын терең ашу, бүгінгі күнмен байланыстыру, пікір алмасу, ой қозғау, студенттердің сөйлеу мәдениетін жетілдіру мақсатында “Абай - дана, Абай - дара қазақта!” тақырыбында “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану” мамандығының І курс студенттеріне топ жетекшісі Ж.Б. Тленчиев пен колледж кітапханашысы К. Ошаева тәрбие сағатын өтті.
Келер ұрпақ Абайдың сара жолын жалғауға тиіс. Бұл – ұлы ақын арманының орындалуы. Сондықтан біз Абайдың ойынан да, тойынан да тағылым алуға тиіспіз.