2021 жылғы 18 қыркүйек күні еліміздің барлық аумағында “World Cleanup day 2021”/ “Birge - taza Qazaqstan” бүкіләлемдік экологиялық аксиясы аясында, Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде бүгін Туған жердің тұмса табиғатын көздің қарашығындай сақтап, өлкенің экологиялық тазалығына атсалысу әр азаматтың қасиетті борышы деген ұранмен оқытушылар құрамы игі бастамаға бірауыздан қолдау таныта отырып, оқу ордамыздың аумағына ұйымдастырылған сенбілікке белсене қатысты.
Акцияның негізгі мақсаты - елімізді “Жасыл” экономика қағидатын және 2030 тұрақты даму мақсатында қол жеткізуді іске асыратын ел ретінде таныту.