Биылғы жылғы 1 қыркүйек - Білім күнімен қатар келген ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде Тарих және география пәндері оқытушысы Сегізбаев Жанабек ең алдымен колледждің оқытушы құрамына арнайы түсіндіру жұмысын жүргізді.
Жалпы жиналғандарға Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдағы этносаралық келісім жағдайында мүмкін болатын пандемиядан кейінгі кезеңде қоғамдық өмірдің барлық салаларында жүйелі реформаларды іске асыруға бағытталған Үшінші Жолдауының стратегиялық сипатын жіті түсіндіріп өтті.
Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама тың бастамалардың болатынын көрсетіп бергендей. Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы әрбір азаматтың ерекше назарын аудартатыны белгілі.
Қоғамда қордаланған күрделі мәселелердің шешімін табу жолдары мен өткен жылдағы жеткен жетістіктерге тоқталып, алдағы міндеттерді қоғам болып бірлесіп шешуге шықырды. Ел азаматтарын, отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.
Осыған орай Қазақстан азаматы ретінде әрқайсымыздың да президентіміздің алға қойған міндеттерін бірігіп жүзеге асыру біздің басты талабымыз деп санаймыз.
Leave A Comment