Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің кітапханасында ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Тағзым» атты тағылым сағаты өткізілді. Колледж кітапханасының меңгерушісі Ошаева Клара Абдисаметовна оқушыларды кітап көрмесімен таныстыра келе, оқу арқылы кітап оқуға құштарлықпен ой-өрісін дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру, шығармашылық ізденісін дамыту негізінде еліміздің өркендеуіне үлес қосатын алғыр да білімді, туған тілі мен жеріне деген патриоттық сезімдерін қастерлеуге, тарихымызды бағалай біліп, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеу мақсатында ұйымдастырылған тағылым сағатында жырларымен терең ой, тәтті сезім, асқақ арман белестеріне жетелейтін ақынның өлеңдері жастарды жас дәуреннің қадірін білуге, жалындап білім алуға, өжеттік пен өр мінезділікке баулуға, қайсарлықпен білім шыңына шығуға шақырды.
Халықтық жыр дәстүрінің дамуына үлес қосқан ақынның өлеңдерін оқып, ой иірімдерін жеткізе білуге тәрбиелеу,өлең жырдың жаңа үлгісін жасаған ақынның мұраларын насихаттау мақсатты түрде жүргізіліп, жыр жолындағы ақын ашқан бұлақтың көзін ашып, сарқылмауына жол нұсқау, жарқырап шам шырақтай жануына үлес қосу дәріптелетіндігін баяндады. Колледж студенттері Ш.Алимкулова ақынның өмірбаяны, Н.Абдурахманова шығармашылығы жайлы ой бөлісті. Г.Сидикова «Ақын өлімі туралы аңыз» өлеңін мағыналы оқыды. А.Нұрғашқызы «Туған жер» өлеңін жатқа айтып алғыс алды. А.Абуталип «Өзім туралы» өлеңін мәнерлеп оқыды. Әділет Тортай мен Еркебұлан күй тартып ұлттық өнеріміздің өркендеуіне үлестерін қосты.
Leave A Comment