Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялыш колледжін құрылған "Jastar" дебаттық клубының 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сай "Бүгінгі заманның құндылығы неде" деген тақырыпта пікір-сайыс өткізілді.
Заманына қарай адамы демекші, қай кездің жастары Қашан? Қандай "идеялармен ауырды?", Олардың трендіндегі мәдени-әлеуметтік немесе субмәдени құбылыстар, ең басты приоритеттері, жалпы мағыналық идеалдары, кеңінен қолдау тапқан жаңаша жөн-жоралғылар, неге алаңдады? Нені қажетсінді? т.б. тәрізді шоғыр-шоғыр сауалдар қазіргі жастардың образын ашудың параметрі бола алады. Мұндағы негізгі өлшем – құндылықтар жүйесі. Әр ұрпақтың өз түсінік-көзқарасы барын ешкім жоққа шығара алмайды. Сол себепті оқу ордаларында жастармен осы тақырып аясында пікірталас, сөз жарыстарын өткізудің маңызы зор. Осы арқылы кеудесі алтын сандық, яғни рухани бай жастардың өмірге, дүниеге көзқарасы, Отанға деген сүйіспеншілік түсініктерін жаңа қырынан тануымызға болады.
Leave A Comment