15 қазан - Кітапхана қызметкерлері күніне орай, “Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану” мамандығының І курс студенттері колледж кітапханашысы Ошаева Клара Абдисаметовнаны төл мерекесімен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.
Кітапханашы күні – сол саладағы қызметкерлердің ғана мерекесі емес, ол оқырмандардың да мерекесі. Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Олар оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы кітапханашылар. Кітапхана – білім мен ғылым ордасы. Бұл демалуға, ойлануға, әрине көп нәрсе білуге болатын жер. Кітапхана – ғылым отаны.
Құрметті еліміздің кітапхана қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ – береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!