Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» атты кітап көрмесі, виртуалды шолу Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі кітапханасында 27 қазан, сағат 13:30 өткізілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында кітап оқу арқылы əлемге деген қызығушылық мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс екенін мәлімдеген. Бұл тапсырманы орындау мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы енгізілді. Жоба оқушылардың, кітапханашылардың жəне ата-аналардың оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, сондай-ақ, оқу мəдениетінің деңгейін арттыруға жəне оқуды насихаттауға бағытталған. Кітапхана меңгерушісі Ошаева Клара Абдисаметовна кітап көрмесін дәріптей отырып, оқушылардың кітап оқуға құштарлықпен қарау арқылы ойлау қабілетін дамытуына, пікір қалыптасуы үшін шығармашылық ізденісін арттыру нәтижесінде еліміздің өркендеуіне үлес қосатын алғыр да білімді, туған тілі, елі мен жеріне деген патриоттық сезімдерін адамгершілік ар – ұжданмен биік ұстануға, мәңгілік жұтамайтын қазына білім арқылы жаһандану көкжиегіне талпынуды насихаттады.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап
By Nurdaulet Malik|2021-10-27T17:49:11+03:0027 октября, 2021|Барлық хабарламалар, Саналы ұрпақ|0 Comments
Leave A Comment