Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл, ЮКМЗ АҚ-ның торқалы 90 жылдығы, колледжіміздің 10 жылдығына және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың “Салауатты өмір салты және бұқаралық спортты дамыту”. Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде І-ІІ курс студенттерінің арасында “Толағай” спорттық сайысы болып өтті.
Сайыстың бағдарламасы 7 кезеңнен тұрып, әр кезеңнің көрсеткіші бойынша “Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану” мамандығының ІІ курс студенттерінен құралған «Қайсар» тобы топ жарып жеңіске жетті.
Жеңімпаздарға арнайы колледж директоры Нұргүл Жақсылыққызы Нұрекенова және Сайрам аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Жаңабек Хамраев мырзаның Сайрам ауданының киелі тарихи орындарына саяхаттау жолдамасы берілді.
Leave A Comment