Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 07161300-"Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану" мамандығының мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алатын 1-курс студенттері "Туған жер-тал бесігім" тақырыбында тарихи экскурция тәрбие сағатын ұйымдастырып, киелі Түркістан қаласына саяхат жасады. Тарихи-танымдық саяхаттың негізгі мақсаты: туған жерге деген құрмет. Еліміздің тарихи мұражайларымен танысу, туған жердің қадірі мен қасиетін ұғыну.
Киелі мекен Түркістандағы саяхатымыз тарихи құндылықтарға бай әрі қызықты өтіліп, студенттеріміз қызықты ақпараттармен танысып, тарихтан тәжірибелі білімдерін шыңдап қайтты. Колледж ұжымы мен әкімшілігіне студенттердің алғысы шексіз.
Leave A Comment