Дәстүрлі түрде желтоқсан айының алғашқы аптасын Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде “Жалпы білім беру, гуманитарлық” ПЦК саяси апталығының іс-шаралар кешені ашып береді. Бүгінгі саяси апталықтың ашылу салтанаты 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған “Елбасының көшбасшылық қасиеті - жастар бойында” атты пікірсайыспен бастау алды. Шараны “Жалпы білім беру, гуманитарлық” ПЦК төрағасы - Ж.Ж. Жүсіпбеков ыстық лебізімен ашып беріп, апталықтың ашылу салтанатымен құттықтады. Жаңа оқу жылында қабылданған білімімен мыңды жығар І курс студентенттері пікірсайыстың әр кезеңіне үлкен дайындықпен келіп, нағыз дүбірлі додада бәсекеге қабілетті екендіктерін дәлелдей білді.
Ұлттың рухани әлемін жұтаңдандырып алмай, оның жан дүниесіндегі сәбилік сенгіштік пен саналы салтанатты терең сезініп, бүгінгі күннің болмысын барынша байыпты ұғып, байсалды бағалауға жетелеген Елбасының әманда қоғамда, соның ішінде ынтымағы мен береке-бірлігі тұтастанған қоғамда табысқа жетуі - үлгі етерлік Көшбасшылық қырының жарқын көрінісі. Ұлт Көшбасшының сара жолын бүгінгі жастарға дәріптеуді көздеген іс-шара өз деңгейінде өтті.
Leave A Comment