“ЖИТС - ғасыр дерті” тақырыбында Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледж мекемесінде бүгінгі күннің жастарына түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында колледж мейірбикесі Қалшораева Нағима және әлеуметтік педагог Сейдазим Бақытжанның іс-шарасы болып өтті. Тақырып аясында жіті түсінік беру үшін Шымкент қаласының Дін істері басқармасы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ теолог маманы Айнабек Ерболат Лесбекұлы шақырылды.
Leave A Comment