Түркістан облысы әкімдігінің аппаратының 26.04.2022 жылғы №09/4901 шығыс хатының негізінде «Көктемдегі тауға шығу, серуендеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен оқыс оқиғалардың алдын алу» тақырыбында мемлекет орган басшылары, оқу орындарының басшылары, мемлекет қорық басшыларына Түркістан облысы әкімі және Шымкент қаласы әкімі орынбасарының төрағалығымен отырыс болып өтті.
Отырыстың негізгі міндеті көктем айларының кезінде серуен құру, тауға шығу, өзен жағалаулары мен арнайы демалыс орнындағы бассейндерде шомылу қауіпсіздіктері жөнінде сөз қозғалды. Мекеме басшыларына өз қызметкерлері мен қатар білім алушы жастарға арнайы жиын өткізіп, қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстары өтілуін тапсырды.
Ағымдағы жылдың 28 сәуірі күні Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің мәжіліс залында оқу орнымыздың басшысы Нұргүл Жақсылыққызы Нұрекенова «Көктемдегі тауға шығу, серуендеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен оқыс оқиғалардың алдын алу» тақырыбында үлкен жиын өткізіп, көктем айындағы серуен құру, тауға шығу, өзен жағалауларында шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын толығымен түсіндіріп, оқушыларға барынша сақ болуларын ескертіп өтті. Колледж басшысы арнайы топ сағаттарында көктемгі серуен құру, тауға шығу, шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын арнайы жиын өткізулерін, тәрбие сағаттарында қауіпсіздік шараларын барынша түсінік берулерін оқытушылар мен топ жетекшілеріне тапсырма ретінде жүктеді.
Колледжіміздің инспекторы Сегізбаев Жаңабек Махашұлы көктем айының серуен құру және тауға шығу мәселелері бойынша Түркістан обылысының төтенше жағдайлары берген тың ақпараттармен бөлісіп, қауіпсіздік сақтау ережелерін баяндап берді.
Колледжіміздің алғашқы әскери дайындық және технологиялар пәнінің оқытушысы Зәуірбек Арслан Қанатұлы су тасқыны және суда шомылу қауіпсіздіктері жөнінде оқушыларға ақпараттарын баяндап, студенттердің барынша шомылу маусымында сақ болу керектіктерін айтып өтті.
Баяндамада таулы аймақтағы қауіпсіздіктер мен қатар суға шомылу маусымындағы техникалық қауіпсіздіктер мен қатар таулы аймақта жиі орын алатын қар көшкіні кезіндегі қауіпсіздіктер толығымен баяндалды.
Бұл көктемгі кездегі серуен құру, тауға шығу, шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру колледжіміздегі топ сағаттарында жалғасын таппақ.
Қашанда қазақ халқы "сақ болсаң сақтайды" деген ұғымды ұстанамыз. Адам баласы айтып келмейтін төтенше жағдайлар орын алатыны белгілі. Құрметті студенттер мен жасөспірім жеткіншектер барынша қауіпті аймақтарға бармауларыңызды, серуен құрып шомылуға барған жағдайда қауіпсіздікті барынша сақтауларыңызды сұранамыз!
Leave A Comment