«БҮГІН-ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРДІ ҰЛЫҚТАП, НАСИХАТТАУ КҮНІ»
Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі.
Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған.
Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, желетке, кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, кебенек кенеп, сырттық жатады (қазақ киім).
Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі.
Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды.
Ұлтымыздың ғасырлар бойы дәріптеп келе жатқан ұлттық құндылықтарының қаймағын бұзбай, ертеңгі жастарымызға аманаттау бәріміздің міндетіміз ағайын.
Leave A Comment