Ағымдағы жылдың 27-қаңтары Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде
»ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» тақырыбында білім алушы жастармен жүздесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы — еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын балалардың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты болмақ. Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі тәрбиелілікке үйретудегі пәрменді тәсіл — адамдардың өзара тәлімі мен үлгісі екенін айтқанымыз жөн. Халық даналығы – «Адамнан — адам тәлім алады, ағаштан – ағаш мәуе алады» деген сөз бекер айтылмаған.
Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға — тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде, біздер мейірімі мол қайырымды қоғамды құрып қана қоймай, зорлық — зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік. Қазіргі таңдағы әлеуметтік — тұрмыстық жағдайдың нашарлауы да бұған әсер етуде. Сонымен қатар тәрбие саласына аса мән беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Бұл мәселе жөнінде біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр әл Фараби:»Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»- деген болатын.
Балалар – еліміздің болашағы. Оларды тәрбиелеу, оқыту, білім беру, болашаққа қадам бастыртып осы өмірде өз орнын таптыру әр ата — ананың міндеті.