2023 жылы 16 ақпанда сағат 10-00 де Оңтүстік Қазақстан индустриялды- инновациялық  колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» тақырыбында  жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романын оқу челленжі өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Асланов Бауыржан Кахарбекұлы романның  ақтыққа көз жеткізіп, адалдыққа  көңіл сендірген - Анаға сүйіспеншілік, жарға құштарлық, Отанға перзенттік борыш сезімін сыйлаған роман  желісіндегі махаббатпен үндескен сезімдер ұрпаққа үлгі боларлық  дүние  екендігін насихаттады.

Арнайы пәндер оқытушысы  Байсейт Шерхан Маратұлы - Отаншылдық, достық, мейірімділік жастардың жалынды туы болсын деп сенім артты.  Математика пәнінің  оқытушысы Едилбек Бахтыгүл Еркинбекқызы тебіренткен  роман желісін әңгімелеп- әр жүректе  асыл адамгершілік, айнымас махаббат болуына тілектестік білдірді. Зертханашы Есенбаева Айдын  Убайдуллақызы роман барысын көңіл толқытатын жүрекпен әсерлі әңгімеледі. Сидикова Гүлмира ҒМҚС 9-20 грант тобының білім алушысы, Алимкулова  Шахсанам ҒМҚС 9-20 грант тобының білім алушысы, Бахытжанұлы Нұрболат БҚ 9-22 грант тобының білім алушысы барлық курстастарын колледж ішілік челлендж барысынды белсенділік танытуға  шақырды.