Ағымдағы жылдың 14-наурызы күні колледж жатақханасының жастарымен жатаққана тәрбиешісі Кожакулова Алмагуль Сансызбайқызы ''ДӘСТҮРІМ-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ'' тақырыбында отбасылық тәрбие сағатын өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: білім алушы жастарымызға ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыпын ұғындыру. Жатақханада тұратын білім алушы жастарды бауырмалдыққа, достыққа, көпшіл болуға, ұлтымыздың құндылықтары мен рухани-мәдени мұраларына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында жатақхана жастары ұлттық домбырамен айтыс жасап, мың бұрала би билеп, қол күрестіріп, ұлттық ойындар ойнап, салт-дәстүрімізден ақпараттар тыңдап тәлімі мол тәрбие алды.
Салт-санамыз жаңғырып, дәстүріміз қолға алынып, қазақи құндылықтарымызбен қоса ұлттық нақыштағы киімдеріміз дәріптелді.
Барша білім алушы жатақхана тұрғындарына, тәрбие сағатын ұйымдастырған тәрбиеші Алмагүл Сансызбайқызына және колледж әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз.
Салт-санамыз жаңғырып, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын.